Жүрек сыры. Секрет сердца
Полное издание
Нариман Абылайулы
© Нариман Абылайулы, 2019
ISBN 978-5-0050-8590-0
Аннотация
Жүрек сыры – адам баласының өмірге деген махаббаты, яғни ата-анаға, отбасы мен сүйген ғашығына, Отанына арналған жүректің тілімен жазылып, ішкі жан дүниесі ақтарылған беттерден тұрады. Секрет сердца – это любовь к жизни, а точнее к родителям, к семье и для любимой, для Родины сочиненные строки с помощью языка сердца, который раскрыл все тайны внутреннего мира.
«Жүрек сыры» кітабы
«Секрет сердца»
Алғы сөз
Құрметті оқырмандар!!! Өлең сүйер қауым!!!Мен өзім өлең жазамын деп ойлаған жоқпын, бала кезімде 5 сынып оқып жүргенде орысша өлеңдерді қазақшаға аударатынмын. Кейін өзім көшеде, сыртта жүргенде өлең жолдарын құрастыратынмын, бірақ өзім шығардым немесе шығара аламын деп еш мойындамайтынмын. Себебі əкем суретші, ал анам медбике болатын, сондықтан менің бойымда ақындық қасиет жоқ шығар деп ойлайтынмын, алайда əкем де өлең жазады екен. Кейінен мектепте жүргенде өлең жаздым, əкеме оқығанымда айтарлықтай ұнамағанын түсіндім. Бірақ өкінішке орай ол өлеңдерім сақталған жоқ. Мектеп қабырғасында жүргенімде, мен сурет сала алмайтынмен, не əкем салып береді, не көшірме қағазы арқылы көшіретінмін. Кейде суреттерім жақсы, тіпті керемет шығатын, сонда өзім мəз болатынмын. Кейін университеттің 1 курсында өлең жазып жүріп ара-тұра сурет салатынмын, бірақ 3 курста оқып жүргенімді өлең жазуға деген шабыттай өрбіп, сурет салуды жиі бастадым. Бір сөзбен айтқанда, өлең де жаздым, суретте салдым. Содан соң ғашық болған кезімде алғаш рет қазақша кейін орысша жазған болатынмын.
Кейін рэп стилінде жазатын досым Манас өлең жазайық бірігіп деп ұсыныс айтқан, алайда мен бас тарттым, себебі ақындар сияқты өлең жаза алмаймын жəне шығарған өлеңдерім кездейсоқтық, аяқ астынан жүрек үні, жан сөзі болатын деген ойда болатынмын. Мысалы «Асыл арна» телеарнасында Алла жайлы, дəлірек айтқанда Құрандағы сүрелер жайлы бағдарламаны көргенімде, бойыма шабыт келіп, сол уақыттағы ең ұзақ əрі санаулы уақыттың бірлігінде отбасыма арнап өлең жазғанмын. Сосын кейін жоғарғы сыныптарда өлеңдер ара-тұра шығаратынмын, көбіне орысша, əрине шабытыма қарай шығаратынмын. Уақыт өте келе 1 курс студенті болғанымда өлеңдерді жиі шығаратын болдым. Қолымнан келсе де келмесе де, сол жүректің үні мен жанның сөзін қағаз беттеріне түсірдім. Осы кітабымның басқа кітаптардан ерекшелігі казақша да, орысша жазылған өлеңдерімнің аралас болуында жəне əрбір өлеңімнің жазылған күні мен жылы бар. Мен керемет ақын немесе ақындық қасиетім болмаса да, жүректен шыұқан əрбір сөзді қағаз бетіне түсіре бердім, сондықтан мен оларды іріктеп алмай, барлық өлеңді бірдей баспаға шығарып отырмын, басқаша айтқанда оқырманға ұнаса да, ұнамаса да шығардым. Себебі бұл жүрек үні, жан сөзі. Əдетте басқа кітаптарда өлең мен поэманы бөлек орналастырады, яғни поэманы əрбір өлең жинақ кітаптарының соңына қарай іріктеп жинайды, алайда мен олай істегенім жоқ, себебі менің əрбір жазған өлеңім күнтізбедегідей рет—ретімен болу керек, өкінішке орай кезінде компьютерге кіргізген өлеңдерім техниканың ақаулығына байланысты өлеңдерімді жоғалтып алдым, алайда кейбңр өлеңдерді интернетке жəне газетке шығарған өлеңдерімді қайта қалпына келтірдім. Жүрегімнің көңіліне қарай жазылған өлеңдер десе болады, сəйкесінше біреу-міреу жүрегімді ренжіткен болса, нəзік жанды жан дүнием солай жырлаған болар. Ал енді құрметті оқырмандар, қандай болса да өлеңдерім одан өздерің сабақ алып, айтарлықтай сіздерге пайдасы тиер деп ойлаймын… Іске сəт!!!